Маңғыстау ауданында төрт ірі жол инфрақұрылымы жобасы толық аяқталды

Жаңалықтар
view 42
news

Фотосурет: Маңғыстау облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы

Маңғыстау ауданында төрт ірі жол инфрақұрылымы жобасы толық аяқталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Маңғыстау облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасына сілтеме жасап.

Маңғыстау ауданында ұзындығы 19,9 шақырымды құрайтын төрт жол инфрақұрылымы жобасы толық аяқталды. Атап айтсақ, «Шетпе-1» шағын ауданында 6,89 шақырым, Шебірде 5,67 шақырым, Тұщықұдықта 3 шақырым және Қарашоқыда 1,4 шақырым автожол жөндеуден өтті. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте аудан әкімі Ғалымжан Ниязов айтты.

- Қазіргі таңда ұзындығы 58,45 шақырым болатын 12 жоба дайын. Оның ішінде, Шетпе ауылында Қосбұлақ-1 және 2 шағын аудандары арасын жалғайтын 800 метрлік аспалы көпір жобасы бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Сонымен қатар, «Отпан-тау тарихи мәдени кешеніне автожол салу», Шетпе ауылы темір жол өткелімен жолды кеңейту және Ақшымырау ауыл ішілік жолына түзету енгізу жобалары да жүргізілуде, - деді Ғалымжан Ниязов.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *