Белгілі олигарх «Қаңтар оқиғасын» қаржыландырған - БАҚ (ВИДЕО)
Фотосурет: ашық дереккөз
Әлеуметтік желілерде олигарх Александр Беловичтің 2022 жылғы Қаңтар оқиғаcы кезінде тәртіпсіздіктерді қаржыландырғаны жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы сотта оның бұрынғы сүйіктісі Лилия Аношина мәлімдеген. Аталған дерек Kozachkovoffside Telegram-арнасына жарияланды. Онда Аношина Беловичтің жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы болуы мүмкін екенін айтқан.
Дегенмен бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. Мемлекеттік органдар мен тәуелсіз ақпарат көздері тарапынан Беловичке қатысты мұндай айыптаулар жөнінде ресми мәлімдемелер жасалмаған.
Айта кетсек, Лилия Аношинаның аты бұған дейін алаяқтық және мүлік дауларына қатысты істерде аталған болатын.
Пікірлер (0)