Биволдың бұрынғы әйеліне Қазақстан полициясы да іс қозғады
Фотосурет: ашық дереккөз
Қазақстан полициясы әйгілі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Биволға іздеу жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Todayinfo-ға сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, Екатерина Бивол қазақ пен қырғыз туралы қорлық сөздер айтқан.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түрі таңдалды, – деп мәлімдеді ведомство.
Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде қырғыз халқын қорлайтын сөздер айтылған бейнероликтер таратқаны үшін Екатерина Биволдың үстінен іс қозғалған болатын. Осыған байланысты Бішкек қалалық соты боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы зайыбы Екатерина Биволды сырттай қамауға алу туралы шешім шығарды және оған халықаралық іздеу жариялаған.
Пікірлер (0)