Белгілі қаламгер Мақсот Ізімұлы дүниеден өтті
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, прозашы, журналист, аудармашы Мақсот Ізімұлы дүниеден өтті. Бұл қаралы хабарды әдебиеттанушы-ғалым, эссеист Мақсат Тәж-Мұрат әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Мақсот Ізімұлы 1960 жылы 27 маусымда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат (қазіргі Х.Досмұхамбетов) ауылында туған.
1983 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін тамамдаған.
Мектеп бітірген соң аудандық «Қазсельхозтехника» бірлестігінде автомобиль жөндеуші болып жұмыс істеген. Облыстық «Орал өңірі» газетінің редакциясында қызмет атқарған. «Зерде» журналының редакциясында фантастика және публицистика бөлімінде, «Ана тілі», «Заң», «Түркістан», «Аруана» газеттерінде, «Жалын» журналында, «Қазақ энциклопедиясының» бас редакциясында қызмет атқарған. Қазір «Арыс» баспасының Бас редакторы.
1998 жылы «Аяқталмайтын әңгіме», 2003 жылы «Бедеріндей кестенің» атты прозалық жинақтары жарық көрген. 2004 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырмасы бойынша шыққан «Нарық нақыштары» деген анталогияға әңгімесі енген.
Пікірлер (0)