"Ол кезде мен тұрмыстамын, Тұрсын отбасылы еді": Баян Алагөзова Тұрсын туралы айтты (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 424
news

Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев пен қазіргі жұбайы Тұрсын Алагөзовті салыстырды, деп хабарлайды janabastau.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Продюсер өз сөзінде Тұрсын Алагөзовпен алғаш кездескенде 42 жаста болғанын айтты.

«Онымен кездескенде үш сағат әңгімелестік. Осы үш сағат бойы мен ғана сөйледім. Ал бірінші күйеуіммен дәл олай емен-жарқын отырып, әңгімелеспегенмін. Тек тұрмыстық жағдайда ғана «ет алдың ба?» деген сияқты болмаса.

Ал онымен әңгімелескенімде (ред. – Тұрсын Алагөзовпен) мені тыңдап, түсініп отырғанын сездім. Оған бәрін айтып бергім келіп отырды. Үш сағат бойы аузым бір сәтке де жабылған жоқ. Әлі күнге дейін солай, отыра қалып, сағаттап әңгімелесеміз. Ол үндемей қалғанда «Не болып қалды? Күнің қалай өтті деп неге сұрамайсың деймін. Содан бір-біріміздің әңгімемізді тыңдап отырамыз», - дейді Баян Мақсатқызы.

Ол сөзін жалғай отырып, Тұрсын Алагөзовпен алғаш кездесуінде отбасылы екенін білгенін айтып өтті.

«Бұл кездесуіміз өмірімізді күрт өзгертіп жібереді деп ойламаған едік. Онымен бірге қызық болды. Ол кезде өзім де тұрмыста болатынмын. Мені міне осы жағдай тоқтататын. Бірақ оған қарасам менің адамым екенін сезетінмін. Ол да солай ойлаған болса керек. Тоқтай алмадық... Міне осы кезде сені қандай күш болса да тоқтата алмайтынын түсінесің. Себебі сен өз адамыңды кездестіріп отырсың», - дейді Тұрсын Алагөзовтің жұбайы.

Пікірлер (1)

  • Екі адал дос бірі бірін тапқан бақытты жандар өмір бойы бақыты болып өтсін. Қағаз не болар дейсің,болашағыңды одан іші сырыңды көркейт.ешкімге қарама аллаң төбеңде

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *