Берік Уәли екі шенеунікті жұмыстан қуып жіберді, жетеуі сөгіс алды
Фотосуоет: әшкере каналы
JANABASTAU.KZ. Абай облысының әкімі осы күнге дейін босаң жұмыс істеп келген бір топ шенеуніктің шаңын қағып алды деп жазады Ertenmedia.
Жаңа мектептердің инфрақұрылымындағы кемшіліктерге байланысты облыс әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков, Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов, Бесқарағай ауданының әкімі Нұрбек Қошқарбаев және энергетика мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жандос Қайырханов сөгіс алды.
Білім беру саласындағы олқылықтар үшін облыстық білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев қызметінен босатылды.
Мұғалімдерге жалақыны уақытылы төлемеу, тәрбие жұмысы мен жалпы бақылаудың әлсіздігі оның отставкасына себеп болған.
Сондай-ақ облыстық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Абай Амангелдин де қызметінен қуылды. Ал ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаев 9,5 миллиард теңге жеңілдетілген несиені игермегені үшін қатаң ескерту алды.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабеков те тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Өңірдегі ана мен нәресте өлімінің деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен асып кеткен.
Мәдениет басқармасының басшысы Айбек Саматқа да ақпаратты уақытылы ұсынбағаны үшін сөгіс берілді.
Бекең, Берік Уәли жалған есеп беру мен салғырттыққа жол бермейтінін қатаң ескертіп, Президент, Премьер-Министр және АП-ның тапсырмаларын орындауды жеке бақылауына алатынын жеткізді.
Пікірлер (0)