Бес жыл күттім, бірақ ол қайта оралмады: Мақпал Қаратай экс-күйеуі жайлы айтты
Фото: https://www.instagram.com/makpalkaratai
Белгілі өнер иесі Мақпал Қаратай бұрынғы күйеуі Ержанармен ажырасқаннан кейінгі өмірі мен сезімдері туралы алғаш рет ашық айтты. Журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында ол бес жыл бойы бұрынғы жарын күткенін, хат жазып үміт артқанын баяндады,деп хабарлайды janabastau.kz Todayinfo -ға сілтеме жасап.

«Қайтып оралады деп ойладым, хат жаздым оған. Бес жыл күтемін деп, биыл міне бес жыл болды. Бес жыл қыдырып кел, жүріп кел, сен жастай үйлендің деп ойладым. Ол менен үш жас кіші болды ғой, желігің басылмады деп ойладым», – деп еске алады.
Әнші бұрынғы жарына үйленбеуін сұрап, «Сүріп кел өміріңді, мен сенің отбасың болып, бес жыл күтемін» деп хат жазғанын айтады. Алайда Ержанар оның бұл ұсынысын қабылдамай, «Мені бес жыл күтпей-ақ қой» деп жауап берген.
Мақпал Қаратай бұл жауаптан кейін де үмітін үзбегенін айтады. Бірнеше жылдан кейін алғаш рет бір ер азаматпен кездесуге бел буғанымен, сезімі мен ішкі қиналысы оны тоқтатқан.

«Бұрынғы күйеуім Ержанар келіп, сен маған көзіме шөп салып отырсың деп айтатындай жаман қиналдым», – дейді ол.
Сол сәтте Ержанардың немере қарындасы да оның жанында болғанын, жаңа қарым-қатынас бастауға қадам жасағанда қолын ұстаған жігітке өзі емес, жанындағылардың қалай әсер еткенін де атап өтті.

«Ол ойбайлап айғайлап: Мақпал апай, мен сізді басқа еркектің қасында көре алмаймын” деді. Сондықтан күттім», – деп аяқтады әңгімесін Қаратай.
Пікірлер (0)