Бір жылда жұмыс іздеушілер саны айтарлықтай өскен
Жаңалықтар
138
Осы жылдың тамыз айында еліміз бойынша 240 мыңнан астам адам жұмыс іздеді, деп хабарлайды janabastau.kz тілшісі ҚазАқпарат сілтеме жасап.
Тамызда мына мамандықтар бойынша жұмыс іздегендердің қатары қалың болды: оқытушы, мұғалім, сату жөніндегі менеджер, клиенттер жұмыс жөніндегі менеджер, сатушы-кеңесші, сатушы-кассир, жүргізуші, әкімші, бухгалтер, инженер-конструктор, инженер-жобалаушы, бағдарламашы, сатып алу жөніндегі менеджер, даяшы, бармен және бариста.
Өткен айда бір бос жұмыс орнына бәсеке төмендеп, 4,5-ті құрады. Бұл бір бос жұмыс орнына 4-5 адамның үміткер болғанын білдіреді.
«2023 жылдың тамызында Қазақстанның 240 мыңнан астам тұрғыны hh.kz сайтынан жұмыс іздеді. Бұл өткен жылдың тамызындағы көрсеткіштен 227 пайызға көп, ал осы жылдың шілдесіндегі көрсеткіштен 12 пайызға аз. Тамызда жұмыс іздеушілер белсенділігінің төмендеуі студенттер мен мектеп оқушылардың жазғы уақытта жұмыс іздеу маусымының аяқталуына байланысты», - делінген жұмыс іздеуге арналған hh.kz порталы таратқан мәліметте.
Пікірлер (0)