«Бюджетті түгелдей игеріп тастаған»: Бақтияр Артаев спорт басшыларына қатаң ескерту жасады

Жаңалықтар
view 51
news

Сурет: желіден

Жарты жылда бюджетті түгелдей дерлік игеріп тастаған. Бақтияр Артаев мемлекет қаржысын оңды-солды шашып, тиімді пайдалана алмай жатқан спорт басшыларына қатаң ескерту жасады. Бұл туралы Спорт министрінің Telegram парақшасында жарияланды, — деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, облыста 10-нан аса мекеменің алты ай ішінде жылдық қаржының 75 пайыздан жоғары көлемін жоспарсыз жұмсағаны анықталған.

Ол ақша мерзімінен бұрын мақсатсыз жұмсағандардың ісімен құқық қорғау органдары айналысатынын айтты.

”Жылдың аяғына дейін не істейсіңдер? Қалай өмір сүресіңдер? Балаларды қалай жібересіңдер? Қатаң сөгіс бергеннен бөлек, ертең жұмыстан кететін кезде оңайшылықпен жібермеймін. Ертең сендермен прокуратура айналысады”, — деді Артаев.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *