Бюроның байланыс орталығы ауыл шаруашылығы санағына қатысты 8 мыңнан астам өтініш қабылдады

Жаңалықтар
view 26
news

Фотосурет ашық дереккөзден

Қазақстанда өтіп жатқан Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына байланысты азаматтардың белсенділігі артып отыр. Тамыз айының басынан бері Ұлттық статистика бюросының 1446 байланыс орталығы 10,5 мыңнан астам қоңырау қабылдаған. Соның ішінде 8,4 мыңы тікелей ауыл шаруашылығы санағына қатысты сұрақтар, деп жазды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Қазіргі таңда санақ онлайн форматта жүргізілуде. Тамыздың соңына дейін барлық ауыл шаруашылығы құрылымдары мен үй шаруашылықтары sanaq.gov.kz ресми сайтында онлайн түрде тіркеле алады.

Жедел кеңес алу үшін 1446 байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Сонымен қатар «Sanaq myrza» чат-боты мен сайттағы онлайн-консультант қызметі де қолжетімді.

Айта кетейік, санақтың екінші кезеңі 2025 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін өтеді. Бұл уақытта интервьюерлер онлайн тіркелмеген үй шаруашылықтарын аралап, деректер жинайды.

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы – аграрлық саланың әлеуетін бағалау, ауыл шаруашылығы өндірушілері туралы сапалы дерек қалыптастыру үшін маңызды шара болып отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *