"Мені қорғаңызшы!": Әнару Құрманәлі тағы да жұртшылық назарын аударды

Жаңалықтар
view 171
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Бір жыл бұрын «боксшы Жанқош Тұрар зорлады» деп мәлімдеп, ел назарын аударған Әнару Құрманәлі тағы да әлеуметтік желі арқылы үн қатты, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Ол парақшасына видео жариялап, қоғамнан және танымал адамдардан көмек сұраған.

– «Бір жыл бұрын жол апатына түскен кезімдегі түрім осындай болатын. Жәй ғана таксиге отырып, үйіме қайтып келе жатқанмын. Осындай қорлықтарым көп. Мен – Қалдыбек Құрманәлінің тұңғыш қызымын. Бірақ қазір аласапыран өмір сүріп жатырмын. Егер қаласаңыздар, қолымдағы сурет пен видеоларды жариялаймын», – деп жазды ол.

Әнару анасы тірі кезінде еш қиындық көрмегенін атап өтті. Бұған дейін сазгер Қалдыбек Құрманәлі қызының жағдайына байланысты «қызымды ақтық демім қалғанша қорғаймын» деп мәлімдеген болатын.

– «Анам тірі болғанда, бір тал шашым да түспеуші еді. Ол кеткен соң осындай күйге түстім. Әке, мені қорғайтының қайда?! Жеті жыл бойы бір адамнан қорлық көріп келемін. Бопсалап, қорқытып ұстап отыр. Әйелі бар екенін білмей сеніп араластым. Кейін зорлығына тап болдым. Осы адамға жолыққалы бері өмірім құлдырап кетті», – деп жазды ол.

Әнару соңғы жазбасында дәлелдерді жариялап, өз-өзіне қол салуы мүмкін екенін де жасырмады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *