16 млн адамның дерегі тарады: Деректердің таралуынан кейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясының басшысы ауысты

Жаңалықтар
view 207
news

Фото: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ

Қазақстандықтардың жеке деректерінің жаппай таралуы қоғамда үлкен резонанс тудырғаннан кейін, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басшылығында өзгеріс болды. Компанияның Директорлар кеңесі басқарма төрағасы лауазымына Дәулет Бекмановты тағайындады, деп хабарлайды janabastau.kz. 

Жаңа төрағаның басқару саласында 15 жылдан астам, ал цифрландыру мен мемлекеттік қызмет көрсету бағытында 10 жылдан аса кәсіби тәжірибесі бар.

Дәулет Бекманов 1983 жылы туған. Ол «Мирас» университетінде «информатика» мамандығы бойынша білім алып, кейін М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «мемлекеттік және жергілікті басқару» саласын тәмамдаған.

Еске сала кетейік:

Бұған дейін 16 миллионнан астам қазақстандықтың жеке деректері – ЖСН, тұрғылықты мекенжай, телефон нөмірлері – ашық интернетке тарағаны туралы жазған болатынбыз.

Бұл оқиға мемлекеттік жүйелердегі ақпараттық қауіпсіздік мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды.

Жаңа басшылық осы сындарлы кезеңде ақпараттық инфрақұрылымды қалпына келтіру мен қоғам сенімін арттыру міндетін арқалап отыр.

 

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *