"Сахнадан шеттету керек": Уәлибек Әбдірайымовтың сөзі дау тудырды
Сурет: OKG.KZ
Белгілі актер, «Шаншар» театрының жетекшісі Уәлибек Әбдірайымовтың сахнадағы бір сөзі әлеуметтік желіде үлкен дау туғызды. Желі қолданушысы әзілкештің сөзін орынсыз әрі ерсі деп бағалап, оны сахнадан шеттету керек екенін жазды. Бұл пікір көпшіліктің назарына ілігіп, қызу талқылануда, деп хабарлайды janabastau.kz.

«Үйге қонақ келіп, бірге "Шаншар" театрының қойылымын көріп отырғанбыз. Өтіп бара жатып құлағым шалып қалды. "Ол Дубайда таяқ жегеніне рақмет айту керек" дейді. Ести сала төбе шашым тік тұрды. Осындай сөздер қоғамда зорлық-зомбылықты қалыпты нәрсе ретінде көрсетеді», – деп жазды ол.
Желіде бұл пікірге қолдау білдіргендер де, қарсы уәж айтқандар да табылды. Бірі актердің сөзін «қоғамға зиян әзіл» деп тапса, енді бірі «сатира – әлеуметтік шындықты астармен жеткізу» деп қорғады.
Пікірлер (0)