Дезинформация орталығы: Торегожинаның жазбалары шындыққа жанаспайды

Жаңалықтар
view 96
news

Фотосурет ашық дереккөзден

Орталық коммуникациялар қызметінің Дезинформацияға қарсы күрес орталығы соңғы шығарылымында медиадағы және әлеуметтік желілердегі кликбейт пен манипуляция тақырыбына тоқталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Мысал ретінде қоғам белсендісі Бақытжан Торегожинаға қатысты жағдай келтірілді. Оның бірқатар жазбалары шындыққа сәйкес келмейтін деп танылып, арнайы құрылған комиссия тарапынан ресми түрде жоққа шығарылды. Бұл комиссия құрамында Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, омбудсмен аппаратының, медициналық ұйымдардың, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері болған.

Еске сала кетсек, 2025 жылғы шілде айында Торегожина жалған ақпарат таратқаны үшін сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК (78 640 теңге) айыппұл төлеуге міндеттелген еді.

Орталықтың мәлімдеуінше, фактілерді әсірелеу мен драматизация – манипуляторлар жиі қолданатын әдіс, ал мұндай тәсілдер қоғамда ресми ақпарат көздеріне деген сенімді әлсіретіп, қоғамдық пікірді бұрмалауға ықпал етеді.

Бұл жағдай қоғамда ақпаратты тексерудің, ресми дереккөзге сүйенудің және манипуляцияға берілмеудің маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *