Тоқаев Бестеректегі жағдайға байланысты арнайы тапсырма берді

Жаңалықтар
view 60
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Уржар ауданының бір ауылында Toyota маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың шетінен 10 метр қашықтықта үйдің қақпасы алдында ойнап жүрген балаларды қағып кетті, деп хабарлады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі MADENIPORTAL.KZ-ке сілтеме жасап. 

Оқиға салдарынан екі бала оқиға орнында, тағы біреуі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды. Үш кәмелетке толмаған бала әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккендердің жағдайы ауыр, оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Жағдай Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы басшылығының бақылауында.

Telegram-арна @abainewskz мәліметінше, жүргізуші ұсталып, аудандық уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Президенттің тапсырмасы бойынша жуырда Уржар ауданына Қорғаныс министрлігінің әскери-транспорттық ұшағы дәрігерлермен бірге келіп, зардап шеккен балаларға көмек көрсетуде.

Облыс әкімдігінде қаза тапқан балалардың отбасыларына барлық қажетті қолдау көрсетілетіні — жерлеу рәсімін ұйымдастырудан бастап, психологиялық және материалдық көмекке дейін — хабарланды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *