ДОСТЛЕК ДУЛАТОВ – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ!

Жаңалықтар
view 22
news

Фото: Ашық дереккөзден

Қосшы қаласыныңспортшысы Дулатов Достлек Қырғыз Республикасында өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ұлттық спорттың «Омыртқа сындыру» түрінен Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп, қола медальға ие болды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл – тек спорттық жетістік емес, атадан балаға мұра болған ұлттық өнеріміз бен дәстүрлі спортты әлемдік деңгейде дәріптеудің жарқын үлгісі. 

https://www.instagram.com/reel/DdD7O-FxcHS/?stkn=MTVtZ3IwMGx1ZzB6ZA==

Достлек Дулатов 15 жасынан бастап ұлттық спорт түрлерімен тұрақты түрде айналысып, «Жілік жару» және күш сынасу бағыттарында талай бәсекеде бақ сынап келеді. Жылдар бойғы табанды еңбек пен тынымсыз дайындық өз нәтижесін беріп, ол республикалық және халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды.

🏆 2026 жылғы жетістіктері:
🔹 «Жілік жару» бойынша Қазақстан Республикасының ашық чемпионатында Бас жүлде;
🔹 38–49 жас аралығындағы мүшел жас санатында І орын;
🔹 Щучинск қаласында өткен жарыста ІІ орын;
🔹 VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында «Омыртқа сындыру» спортынан қола медаль.

👏 Достлек Дулатовты айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ел намысын абыроймен қорғап, ұлттық спортымыздың мерейін асырған спортшыға зор денсаулық, қажымас қайрат, толағай табыс және алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілейміз!

🇰🇿 Жеңісіңіз құтты болсын! Қазақ спортының көкжиегін кеңейте беріңіз!

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *