«Дұғада болыңыздар»: Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде жатыр
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы Мұхтар Шаханов жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
Бұл туралы Мұхтар Шаханов қорының төрағасы Нұржігіт Ысқақ мәлімдеді.
Оның айтуынша, ақынның денсаулығы сыр беріп, қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауына алынған. Қор төрағасы әлеуметтік желіде төмендегідей жазба жариялаған:
«Құрметті Қазақ Елі!Халқымыздың Қаһарман ақыны, әрі жазушысы, ұлт үшін жанын аямай тер төккен азаматы Мұхтар Шахановты білмейтін қазақ кем де, кем! Тек қана қазақ қана емес, бүкіл түркі әлемін де мойындатқаны өтірік емес. Кеңестік жүйенің қылышынан қан тамып тұрған кезінің өзінде басын бәйгеге тігіп, Кремльдің төрінде Желтоқсан оқиғасын әлемге паш еткенінің өзі не тұрады! Айтар болсақ ол кісінің елге жасаған қызметін санап тауыса алмаспыз.Қазір көкеміз 84 жасқа келді. Бірақ, денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөлімінде жатыр. Ендеше, Құрметті халайық! Көкеміздің тез сауығып, ортамызға оралуы үшін дұға жасап қояйық!Ізгі ниетпен, Мұхтар Шаханов қорының төрағасы Нұржігіт Ысқақ!»
Пікірлер (0)