«Дұғада болыңыздар!» - Назым Қызайбай

Жаңалықтар
view 93
news

Фотосурет: Қазақстан Бокс федерациясы

Бокстан әлем чемпионатында бақ сынап жатқан Назым Қызайбай Instagram-дағы парақшасына жазба жариялап, отандастарын қолдау көрсетуге шақырды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Баршаңызға сәлем! Жаттығуымыз жалғасып жатыр. Жарыс басталғалы бүгін 4-күн. Ұл-қыздарымыз жұдырықтасып жатыр, әзірге жаман емес деп ойлаймын. Әлем чемпионаттарында осал қарсыластар болмайды. Әр спортшы барын салып, аянбайды. Тек қолдау көрсетіп, дұғада болыңыздар! Әйтпесе білесіздер, үйінде отырып сынайтындар онсыз да жетеді, - деп жазды Назым Қызайбай.

Желі қолданушылары танымал боксшыға сәттілік, жеңіс тілеп, жылы лебіздерін жазып жатыр.

Айта кетсек, бокстан әлем біріншілігі Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатыр. Назым Қызайбай шаршы алаңға бүгін шығады. Ол кешкі сессияда (басталуы – 22:00) өнер көрсетеді. Назымның қарсыласы – Венгрия өкілі Лила Зелецкий.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *