Таразда мектеп басшылығы дәретханада топтасып қыз зорлау фактісін жасырған (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 278
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерде Тараздағы мектеп-интернатта түсірілген видео тарады. Кадрдан бірнеше ұлдың қызды әжетханаға итеріп кіргізіп, есікті ішінен жауып алғаны көрінеді. Басқа балалар есікті ашып қараған кезде, қыздың шалбарын киюге тырысқаны, ал ұлдардың оның жанында топталып тұрғаны камераға түсіп қалған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Видеожазба жергілікті пабликтерде жарияланып, қолданушылардың ызасын тудырды. Көпшілік мемлекеттік мекеме қабырғасында не болып жатқанын анықтап, кінәлілерді жазалауды талап етті.

Жамбыл облыстық білім басқармасының мәліметінше, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған мектеп-интернаттағы жағдайға байланысты тексеру жүргізілген. Мектеп басшылығының биыл 5 сәуірде болған оқиғаны жасырып, құзырлы органдарға хабарламағаны белгілі болды. Бұл туралы тек бейнежазба жарияланғаннан кейін ғана белгілі болған.

 "Мектеп-интернаттың жауапты қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданылды. Құзырлы органдарға ақпарат бермегені үшін мектеп-интернат директорына еліміздің Еңбек кодексіне сәйкес тәртіптік жаза шарасы қолданылды, – деп хабарлады басқармадан.

Бұдан бөлек, Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне мектеп-интернат директорының үстінен әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғау жөнінде ұсыныс жолданған.

Қазір полиция тарапынан да оқиғаға құқықтық баға беріліп жатыр.

Жамбыл облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Дәурен Бағжановтың айтуынша, қазір қызға қажетті психологиялық көмек көрсетіліп жатыр, сондай-ақ ол басқа мектепке ауыстырылған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *