Ақтөбе тұрғыны Instagram арқылы жұрттан 50 млн теңгені алдап алған

Жаңалықтар
view 203
news

фотосурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақтөбе қаласының 36 жастағы тұрғыны ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ  ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу нұсқасы бойынша күдікті Instagram желісінде «Автобан Дубай» атты парақша ашып, жұртқа Біріккен Араб Әмірліктерінен қолжетімді бағамен көлік жеткізіп беремін деп уәде берген.

Қылмыстық әрекеттердің салдарынан 7 азамат жапа шекті. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 50 миллион теңгеден асады. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, – деп мәлімдеді өңірлік ПД баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысының полициясы азаматтарды сақ болуға, ресми құжаттар мен ақпараттың шынайылығына көз жеткізбей, бейтаныс адамдарға ақша аудармауға шақырады. Күмәнді жағдай туындаған кезде бірден құқық қорғау органдарына хабарласу қажет.

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық осындай тәсілмен көлік сатып алмақ болған азаматтардан 70 млн теңгеден аса қаражат жинап, шетелге қашып кеткен.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *