«Бұл – өте аз сома»: астаналық компания LRT-ні аяқтау үшін мүлкін аукционға қоюға мәжбүр
Фотосурет: Sputnik/Санат Имангалиев
City Transportation Systems (CTS) көлік компаниясы жер учаскелерін, әртүрлі құрылымдар мен ғимараттарды аукционға шығарды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат порталы.
Sputnik Қазақстан тілшісіне CTS компаниясы түскен қаражат елордада LRT құрылысын аяқтауға жұмсалатыны туралы ақпаратты растады.
Сатылымға Нұра ауданындағы жер учаскесі шығарылды. Оның бастапқы бағасы – 377 миллион теңге. Сондай-ақ аяқталмаған тұрғын үй кешені шығарылып отыр. Бастапқы бағасы – 3,28 миллиард теңге.
Бұл – өте аз сома. Сатудан түскен қаражат жеңіл рельсті көлік құрылысын қаржыландыруға бағытталатын болады, - деді CTS көлік компаниясы.
Егер объектілерді бірден сату мүмкін болмаса, онда олар қайтадан сауда-саттыққа шығарылады.
Бұған дейін Астана қалалық мәслихатының депутаттары болашақ станциялардың атауларын таңдаған болатын. 18 болашақ объектінің атауы географияны және жақын маңдағы маңызды объектілерді ескере отырып таңдалды.
Сондай-ақ LRT құрылыс бойынша ұзындығы 22,4 шақырым болатын рельстерді төсеу аяқталды. Бұл елорданың стратегиялық көлік жобасын салудың негізгі кезеңдерінің бірі, - деп атап өтті әкімдік.
Пойыздың алғашқы екі құрамы қазірдің өзінде рельстерде тұр. Сынақ сапарлары қыркүйекте басталады. Ал LRT жолаушылар үшін көктемде іске қосылады.
Пікірлер (0)