Астанада 19 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза тапты

Жаңалықтар
view 109
news

Фотосурет: Pixabay.com

Астанада 19 жастағы жігітті қарсыласы пышақтап өлтіріп кетті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, елорданың түнгі клубында ер адамдар жанжалдасып, бірі пышақ жарақатын алған.

Түнгі клубқа келгендер жанжалдасып, соңы төбелеске ұласқаны анықталды. Оқиға барысында 19 жастағы жігіт алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр, - деді қалалық ПД өкілі.

Күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *