Ел тұрмысы түзеліп келеді

Жаңалықтар
view 204
news

Ақпан айының 6 жұлдызында Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасеновтің жетекшілігімен кезекті аппарат кеңесі өтті. Күн тәртібінде Тайтөбе ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуы және мемлекеттік кірістер басқармасының өткен жылғы жұмыс қорытындысы талқыланды. Алғашқы баяндамашы Тайтөбе ауылының әкімі Парасат Досмағанбетовтің айтуынша, елді мекеннің салық түсімдері 2022 жылы 8 402,2 теңге деп жоспарланса, 2023 жылғы ол 10 804,0 теңгеге дейін ұлғайтылған, ал 2024 жылға жоспарланған салық түсімі 11 560 000 теңгені құрады.

 – Жергілікті өзін-өзі басқару реформасы шеңберінде «Қосшы қаласы Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты» ММ 2023 жылға арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары 40 412,2 теңгені бекітті. Нақты игерілгені – 40 393,9 мың теңге (99,99%). Кіріс бөлігі бойынша 2023 жылға салық түсімі 10 804,0 теңге сомасында бекітілді. 2023 жылы нақты түсім 11 532,0 мың теңге жоспар 106,7% - ға орындалды,– деді ауыл әкімі.

Атап айтқанда, салық түрлері бойынша: 1. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан алынатын жеке табыс салығы, жоспар бойынша төлемдер – 2 979,0 теңге, нақты 3 025,3 теңгеге орындалды (101,6- ға %); 2. Жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы, жоспар бойынша –104,0 теңге, нақты орындалғаны 114,0 теңге (109,6 %); 3. Жеке тұлғалардан алынатын жер салығы 559,0 теңге нақты орындалғаны 540,2 теңге (96,6 %); 4. Заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық бойынша жоспар 5862,0 болған нақты 5889,8-ге орындалды (100,5%); 5. Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық жоспар бойынша 1211,0 теңге, нақты 322,1-ге орындалды (26,6-ға %); Жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер – 855,9 теңге; Жер учаскелерін жалдау үшін түскен төлемдер – 582,0 теңге.

Ауыл әкімі ағымдағы жылы салық түсімдерін ұлғайту мақсатында жұмыстар белсенді жалғасатынын, аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшін кәсіпкерлер жұмылдырылып жатқандығын айтты. Екінші баяндамашы, Қосшы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы жетекшісі Бауыржан Саметеев 2023 жылдың қорытындысы бойынша қалада барлығы 749 заңды тұлға тіркелгенін, оның ішінде нақты жұмыс істеп тұрғандары – 746, жеке кәсіпкерлер – 2 511 тұлға, әрекетте тұрған жеке кәсіпкерлер саны – 2 469 адам, әрекетсіз салық төлеушілер саны – 45, оның ішінде: 3 - ЗТ, 42 – ЖК екенін айтты.

2022 жылғы міндеттемелер бойынша есепті кезеңде жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салыққа тиісті есептеулер жүргізілді. 1 қазанға арналған мерзім бойынша 14 170 салық төлеушіге (салық салу объектілерінің саны – 14 713)қатысты 5,4 млн тг сомасында есептелініп, өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 4 090 СТ немесе 140 % артты (2021ж. – 10 080 СТ) млн тг. Ағымдағы жылға жеке тұлғалардың салық берешегін өндіріп алу бойынша Полиция басқармасы мен жеке сот орындаушыларымен бірлесіп 72 рейдтік іс-шара өткізіліп, 2023 жылдың басынан Қосшы қаласы бойынша МКБ жергілікті салықтар бойынша берешегі бар салық төлеушілер бойынша 4,5 млн тг өндірілді. Сонымен қатар 2023 жыл қорытындысымен жергілікті бюджет салықтарын әкімшелендіру мақсатында, жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға 582 СЕНын тапсырылмауы туралы хабарламалар (СЕН 700.00, 701.01) қалыптастырылып, жыл қорытындысымен 317 хабарлама (ЖТ- 268, ЗТ – 49) орындалып, қосымша кірістер 63,0 млн тг -ні(мүлік салығы 39,9 млн тг, жер салығы – 23,1 млн тг) құрады. Қосымша кіріс көздері бойынша жеткізілген жоспардың орындалуы Қосшы қаласы бойынша қосымша резервтер бойынша іс-шаралар жоспарын 2023 ж. орындаулуы бойынша, 534,5 млн тг сомасында «нақты ақша есебінен» өндіріліп, Басқармаға жеткізілген жоспар 227,1 млн.тг. немесе 173,9 % асыра орындалды (307,5 млн тг). Оның ішінде: 1) Берешектерді өндіру бойынша 147,8 млн тг-ні құрап, жоспар 102,8 млн тг немесе 331 % артығымен орындалды (2023ж. жоспар – 44,5 млн тг), 2) Камералдық мониторинг бойынша 255,3 млн тг-ні құрап, жоспар 119,6 млн тг немесе 188,1 % артығымен орындалды (2023ж. жоспар – 135,7 млн тг), 3) Өндірістік емес төлемдер бойынша 129,0 млн тг-ні құрап, жоспар 23,5 млн тг немесе 122,2 % артығымен орындалды (2023ж. жоспар – 105,5 млн тг). Еңбекақы төлеу қорын ұлғайту бойынша Еңбекақы төлеу қорын ұлғайту, қызметкерлерді нақты көрсету және салық салынатын базаны ұлғайту жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша 2023 жылға 104,5 млн тг сомасында жеткізілді. 2023 жылдың басынан бастап Қосшы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілермен тұрақты негізде тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 2023 жылдың қорытындысымен еңбек ақы қоры 111,4 млн тг ге ұлғайып, жеткізілген жоспар 106,6 % артығымен орындалды (ЖТС – 65,9 млн тг; әлеуметтік салық – 45,5 млн тг). Сондай-ақ салық салынатын базаны ұлғайту мақсатында ғимараттар мен құрылыстарды қайта бағалауды жүргізу, нарықтық құнға дейін жеткізу туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі. Сонымен бірге регламентке қою бойынша жұмыстар жүргізілуде. (жаңадан қолданылуға берілген объектілерді есепке алу және осы салық төлеушілердің мүлік салығын төлеуі). Мүліктік табыс алған тұлғаларды салық салуға тарту мақсатында автокөлік құралдарын, тұрғын үй-жайларды, жер учаскелерін сатып алу-сату мәмілелері бойынша мәліметтерді камералдық бақылау барысында жыл қорытындысымен 61,4 млн тг құрады. Оның ішінде. 1) Жаңадан қолданысқа енгізілген мүліктер бойынша – 33,6 млн тг; 2) Мүліктік табыс салығы есебінен – 10,2 млн тг; 3) Салық төлеушілерді әкімшелендіру бойынша – 7,7 млн тг; 4) Мүлікті қайта бағалау бойынша 6,0 млн тг; 5) Қоршаған орта үшін төленетін эмиссияны әкімшелендіру есебінен – 2,6 млн тг; 6) Пәтерді жалға беретін СТ-ді әкімшелендіру бойынша – 1,3 млн тг. Әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша. 2023 жыл қорытындысымен жағдай бойынша 605 әкімшілік материал толтырылып, онда салынған айыппұлдар саны 50 сомасы 11,3 млн тг құрап, оның 11,2 млн тг немесе 99,2 % өндіріліп, 2022 жылмен салыстырғанда 8,9 млн тг немесе 390 % ұлғайған (2022 ж. – 2,3 млн тг). Алкоголь өнімінің заңсыз айналымын анықтау бойынша 2023 жылдың қорытындысымен алкоголь өнімінің заңсыз айналымы фактісі бойынша жалпы 3 кәсіпкерден сомасы 498,0 мың теңгені құраған 543 мөлшек тәркіленіп, материалдар әкімшілік сотқа жолданылып, ҚР-ның ӘҚБтК-нің 463 бабының 1 бөлігімен әкімшілік айыппұл салынып, өндірілді. Аппарат жиынында қаланың басқа да ағымдық мәселелері талқыланды.

Дәулет Асау

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *