Елбасының аты тағы да алынып тасталуы мүмкін: Ұлттық қорғаныс университеті атауын өзгертпек

Жаңалықтар
view 133
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Қазақстандағы басты әскери оқу орны — Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті алдағы уақытта Назарбаевтың есімін ресми атауынан алып тастауы мүмкін. Бұл жөнінде Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланған жаңа құжатта айтылды, деп хабарлайды janabastau.kz.

 

Ғылым және жоғары білім министрлігі Үкіметтің “Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы” қаулысына өзгеріс енгізуді ұсынып отыр.
Құжатта университет атауын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті» деп өзгерту көзделген.

 Қоғамдық талқылау 2025 жылдың 18 шілдесіне дейін жалғасады. Кез келген азамат ұсыныс білдіре алады.

Айта кетейік, Назарбаевтың есімін алып тастау туралы бастама алғаш рет 2023 жылы Мәжіліс қабырғасында көтерілген еді. Депутаттар Елбасы туралы Конституциялық заңның күшін жоюды негіз ретінде ұсынған.

🔎 Анықтама:
Ұлттық қорғаныс университеті — Қазақстан Қарулы Күштері мен басқа да күштік құрылымдарға жоғары офицер кадрларын даярлайтын стратегиялық білім ордасы. Университет 2003 жылы құрылып, 2018 жылы оған Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген болатын.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *