Күйеу баласынан ене жүкті болды: Түркияда отбасылық масқараның беті ашылды

Жаңалықтар
view 113
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Түркия жұртшылығын есеңгіреткен отбасылық жанжал елдегі ең танымал ток-шоулардың бірінде әшкере болды. 21 жастағы Жұма Доған есімді жігіт өзінен 26 жас үлкен енесі – 47 жастағы Гүлдане Шахинмен арадағы тыйым салынған қарым-қатынасын жасырмай, көпшіліктің ашуын туғызды. Бұл туралы JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бір қызығы, Жұма Доған Гүлдане ханымның қызы — мүгедектігі бар Дилек Шахинмен заңды некеде тұрған. Алайда ол уақыт өте енесінің үйіне жиі барып, шекарадан тыс қатынас орнатқан. Соның салдарынан енесі күйеу баласынан жүкті болып қалған.

Бұл сорақы шындық "Эсра Ерол" телебағдарламасында ашылды. Тікелей эфирге шыққан Дилек Шахин көзіне жас алып:
"Менің күйеуім өте қатігез. Анаммен бірге қашып кетті. Ал егер бұл туралы әкеме айтсам, олар мені өлтіреміз деп қорқытты", – деп күйінішін жеткізді.

Бағдарлама барысында Жұма Доған мен енесінің бірге түскен, аса еркін, тіпті шектен шыққан әзілдерге толы видеолары көрсетілді. Журналист Эсра Еролдың:
"Неге сіз қалыңдығыңыздың анасымен қаштыңыз? Ұялмайсыз ба?" – деген сауалына, Жұма:
"Біз үйлену үшін қаштық. Жоқ, әпке, ұялмаймын", – деп еш қысылмастан жауап берді.

Жанжал соңында тікелей эфирде Жұма Доған мен Гүлдане Шахин ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Екеуіне қатысты "қасақана зиян келтіру" және "қорқыту" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *