Елге еткен еңбек еленбей қалмайды   

Жаңалықтар
view 243
news

Ғұмырының қаншама жылын мемлекет ісіне арнаған жандар бар. Мемлекеттік қызметкер ел жүгін арқалап, елдіктің төрттағанында жүреді. Елге еткен еңбек еленбей қалмақ емес. Сондай саналы ғұмырын халыққа арнаған жандардың бірі –  Толқын Саттарқызы. Толқын Саттарқызы  -  2 қазан 1974 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Екі жоғарғы білімі бар: қазақ филологиясы және заңгер. Еңбек жолын 1993 жылы қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып туған ауылында бастаған. Мемлекеттік қызметке 2002 жылы  Павлодар облысы «Ақсу қаласы әкімінің істер басқармасы» ММ бас маманы болып бастаған. 2005 жылдың қаңтарынан 2010 жылдың қарашасы аралығында «Ақсу қаласы әкімінің аппараты» ММ-де ұйымдастыру-кадр бөлімінің, құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімдерінің бас маманы қызметін атқарған. 2010-2015 жылдары «Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс секторының меңгерушісі, басшының орынбасары лауазымдарын атқарған. 2015 жылы Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округінің әкімі болып сайланып ол жерде 2018 жылға дейін қызымет атқарған.  Осы жылдар ішінде Ақсу қалалық банк қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілері кәсіби одағының төрағасы қызметін қоса атқарып, Республикалық кәсіподақтар ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталған. Одан басқа, еңбек жолында қол жеткізген  жетістіктері үшін   Павлодар облысының және Ақсу қаласы әкімдерінің Алғыс хаттарымен және Құрмет грамоталарын алған. Еңбек жолын 2018 жылы, Нұр-Сұлтан қаласына қоныс аударғаннан кейін, ҚР Білім және ғылым министрігінің «Ақпараттық-талдау орталығы»  АҚ менеджері болып жалғастырған. 2022 жылдың қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін «Қосшы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бас маманы болып жұмыс істейді. Жалпы еңбек өтілі - 28 жыл, мемлекеттік қызметте 17 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келеді.   Толқын Саттарқызы 2017 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің қолдауымен алғашқы рет өткізілген  «Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық конкурсының жеңімпазы болып, Ақордада Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің қабылдауында болып, қолынан алғыс хат алып, төсбелгімен марапатталған. Бұл дәреже мемлекеттік қызметкерлерді одан әрі ынталандыра түсетіні анық. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы уақытқа бағынбайды. Себебі, оның алдына келген кез келген адам мәселенің тезірек шешілгенін талап етеді. Үмітін арқалап келген адамның жағдайына бей-жай қарай алмайтын осы кәсіп иегерлерінің жұмысын көп адам түсінбей жатады. Мемлекеттік қызметке мемлекеттік қызметкердің көзімен қарап көру үшін біз осы Толқын Саттарқызымен сұхбаттасқан болатынбыз.  – Мемлекеттік қызметкер қандай болу керек? – Мемлекеттік қызметкер ең бірінші шынайы патриот болуы керек. Себебі өз еліне деген сүйіспеншілік қана елім үшін, халқым үшін  қызмет етсем деген ойға жетелейді және тәртіп, өз-өзіне деген жоғары талапшылдық, үлкен жауапкершілік, жанашырлық. – Мемелеттік қызметтің ерекшелігі неде? –  Ең бірінші мемлекеттік қызыметкерге қойылатын шектеулерді қабылдау және оларды қатаң сақтау. Сол сияқты мемлекеттік қызметтің басқа қызыметтерден ерекшелігі елге қалтқысыз қызмет етуге мемлекеттік қызметші ант береді, бұл да бір ерекшелік. – Мемлекеттік қызметкер қандай ұстанымда болу керек? – Мемлекеттік қызметкер ел алдында үлкен жауапкершілік ұстанымда болуы аса маңызды. Бұл жанашырлық, адалдық, қарапайымдылық, кішіпейілділік, әділдік, шынайылық, мінсіз болуға ұмтылу және тәртіп ұстанымында болуы керек. – Мемлекеттік қызметте бір тұлғаға еліктейсіз бе? –  Маргарет Тэтчерге еліктеймін. Ол елді басқаруда мықты басшы, өз-өзіне сенімді, батыл жауапкершілі мол жан болған. Ол 1959 жылы Финчлиде парламент мүшесі ретінде өзінің саяси мансабын бастады, ал 1975 жылы Консервативті партияның көшбасшысы болды және 1979 жылы елдің премьер-министрі болып сайланды. 11 жыл бойы осы қызметте болып, британ тарихында рекорд жасады. Тарихта әйел затының қаншалықты мықты, еңбекқор, шыдамды екенін дәлелдеп кеткен Маргарет Тэтчердің біз бен сіз білмейтін қасиеттері қаншама. Өскелең ұрпаққа өнеге болатын тұлғалар тарихта мәңгі қалары сөзсіз. – Жылдың үздік мемлекеттің қызметшісі қалай болдыңыз? –  2017 жылы мен Повладар обылысы Ақсу қаласына қарасты  Евгеньевка селолық округінің әкімі лауазымында қызымет етіп жүрдім. Негізгі  жетістігім бұл Евгеньевка ауылы Повладар обылысының «ең үздік ауылдық округы» деген мәртебені қорғадық.  Яғни бір жылдың ішінде  1 миллиардтай теңгені игеріп оған ауылда дене шынықтыру кешені салынды, және де дәрігерлік амбулатория ашылды ол жәй ғана дәрігерлік амбулатория емес ішінде бес адамға дейін күндізгі ем алатын орнымен қоса ашылған болатын, ал бұндай орындар ауылдық жерлерде сирек кездесетін жобалар.  600 үй таза ауыз су құбырымен қамтамасыз етілді. Ауыл ішіндегі 18 км жолға толық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жобалардың барлығы өз уақытында тапсырылып отырды жәнеде бұның бәрі  1 жыл 3 айда атқарылған жұмыстар. – Мемлекттің қызметкер болу, ол– осы сөйлемді жалғастырсаңыз? –   Мемлекеттік қызметкер болу:
  • абырой
  • мәртебе
  • үлкен жауапкершілік
  • сенімді ақтау
  • жоғары талапшылдық
  • қайырымдылық
  • жан-жақты даму
  • нәтижеге қол жеткізу
Бұл тізімді ұзақ жалғастыруға болады.... – Мемлекеттік қызметерге қандай талап қойылады? – Ол Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлкеттік қызыметшінің әдеп кодексін қатаң сақтау. Лауазымдық міндеттерін адал орындау, мансабын жеке басының мүддесі үшін пайдаланбау. Ең біріншісі елмен халықпен дұрыс қарым-қатынас жасай біліп сезімі мен эмоциясын ұстай білуі қажет деп ойлаймын.

Материалды дайындаған Жасын Жолмырза

   

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *