Елімізде енді ешкімге несие бірден берілмейді

Жаңалықтар
view 64
news

Фотосурет: janabastau.kz

Биылдан соң Қазақстанда ірі көлемдегі несиеге өтініш жазған азаматқа тағы бір ойлануға қосымша уақыт берілмек. Бұл туралы бүгін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл ретте банк несие туралы шартқа қол қойған белгілі бір уақыт аралығында қарыз алушыға ақшасын бірден аудармайды. Оған әлде де ойлануға, яғни қарыздан бас тартуына мүмкіндік беріледі.

Сонымен қатар қарыз алушы алаяқтардың ықпалында болса, есін жиып, бәрін ойланып, несие алудан бас тартуға мүмкіндігі бар. Несие 1 миллион теңгеден асқан жағдайда, 24 сағаттық мерзім беріледі. Бұдан бөлек, 150-ден 250 АЕК-ке дейінгі (600 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін) несиеге 8 сағаттық уақыт белгіленді. Бұған дейін ондай несиені бірнеше минутта алуға болатын, - дейді агенттік төрағасы.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *