Қарағанды облысында әріптесін атып өлтірген полицей қамауға алынды
Фотосурет: matritca.kz
31 тамыздың түнінде Қарағанды облысына қарасты Топар кентінің ГРЭС бекетінде полицей өз әріптесіне оқ атты. Екеуінің де шені – кіші сержант. Олардың ішкі істер органында қызмет атқарып жүргеніне бір жылдай уақыт өткен, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Аталған жайт қызмет барысында болған. Ал Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі оны оқыс оқиға деп отыр.

Алдын ала деректерге сәйкес, полицияның кіші сержанты қаруды абайламай қолданған. Соның салдарынан әріптесіне оқ тиіп, басынан жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды, – деп мәлімдеді департамент өкілі.
Айта кетсек, бұл екі кіші сержант Жезқазғандағы ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасының екінші батальонында міндетін атқарып жүрген. Ведомство мамандарының хабарлауынша, екеуі де жұмысқа биыл қабылданған.
Қазір оқ атқан шенді уақытша ұстау изоляторында отыр.
Пікірлер (0)