Қорғаныс министрлігі жастарды әскерге күштеп әкетпейтін болды

Жаңалықтар
view 55
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Бүгін ОКҚ-да өткен брифингте Қарулы Күштердің ұйымдастыру-мобилизациялық жұмыс департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев елде әскерге шақырылушыларды жаппай ұстаудың тоқтатылатынын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Заң – бәріне ортақ. Біз азаматтардың құқығының бұзылуына жол бермейміз. Жаппай ұстауларға енді жол берілмейді. Ол – адамның конституциялық құқығын тікелей бұзу, – деді Қорғаныс министрлігінің өкілі.

 Оның айтуынша, әскери қызмет пен әскерге шақыруға деген көзқарас қазір өзгеше қалыптасып жатыр.

Біз жұмысты алғашқы әскери дайындық және басқа іс-шаралар арқылы мектеп қабырғасынан бастап жүргіземіз. Көктемгі әскерге шақыру қорытындысы бойынша, тәсілді өзгерттік. Жоғары оқу орындары мен колледж түлектерін жаппай әкеткен жоқпыз, тек өзі қалағандарды ғана шақырдық. Осындай нысаналы әрі ерікті тәсілді ары қарай да сақтауды көздеп отырмыз, – деді одан әрі Фархат Айдарбаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қорғаныс министрлігі биыл күзгі әскерге шақыру аясында 22 мың қазақстандыққа SMS-хабарлама мен шақыру қағаздары жіберілетінін құлаққағыс еткен болатын. Жақында бекітілген жаңа ереже бойынша, ол үдеріс 1 қыркүйек-31 желтоқсан аралығында өтеді. Бұрын 1 қазанда басталатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *