Түркістан облысында тойда ән шырқап тұрған келіншекті бұрынғы қайын атасы ұрып жықты (ВИДЕО)
Фотосурет: видеодан скриншот
Түркістан облысында той үстінде ән шырқап тұрған келіншекті экс-қайынатасы бір ұрып сұлатты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Instagram желісіндегі abdulla_kz_kz парақшасының мәліметінше, бұл оқиға 31 тамызда Төле би ауданының Зағамбар ауылында болған.

Ол – менің бұрынғы қайын атам. Есімді бір сағаттай жинай алған жоқпын. Жедел жәрдем келіп, алып кетті. Ұрғанда құлап, кеудеммен қатты бір затқа соғылдым. Үстінен арыз жаздым, - дейді әнші.
Айтуынша, Төле би аудандық полиция бөлімі бұл істің қаралуын 1-1,5 айдай күтесіз деген. Ал қайын жұрты оны «бұрынғы келіні болғаны үшін қызғанған» көрінеді. Соның салдары дүйім жұрттың көзінше үлкен ер кісінің жұдырық ала жүгіруі болған.
Пікірлер (0)