Алматы облысында полицей өртенген күйінде өлі табылды: Күдікке әйелі мен баласы ілінді

Жаңалықтар
view 36
news

Фотосурет: видеодан скриншот

Желідегі ақпарат бойынша, полицей Алматы қаласына қарасты Әуезов ауданындағы полиция басқармасында істеген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Тәртіп сақшылары Кеген ауданында ер адамның жанып кеткен мәйітінің табылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, 23 маусым күні полицияға таулы аймақтан мәйіттің табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жедел түрде жедел-тергеу тобы шықты. Қаза болған адамның жеке басы анықталды. Оның полиция қызметкері болғаны расталды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер, оның ішінде марқұмның жұбайы мен ұлы ұсталды.

Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *