Мөлдір Мұқан отбасындағы қуанышты жаңалығын айтты

Жаңалықтар
view 29
news

Фотосурет: әлеуметтік желіден

Танымал продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан әлеуметтік желіде отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Өнер иесінің жақын құрбысы Жазира Байырбекова Мөлдірдің шаңырағында бірден үш қуанышты оқиға қатар келгенін айтты. 

«Мөлдірдің отбасында үлкен қуаныш. Бір баласы мектеппен қоштасқалы жатыр, екіншісі жоғары оқу орнын аяқтауда. Ал кенжесі сүндетке отырып, мектеп табалдырығын аттамақ. Қандай бақытты ана!» – деді ол.

Өз кезегінде Мөлдір Мұқан жақын арада үлкен той өтетінін айтып, дайындық басталып кеткенін жеткізді.

«Әр үйде осындай қуаныш болсын! Қандай той болатынын әзірге айтқым келмеген еді, бірақ Жазира бөлісіп қойды. Тойға қатысты ұсыныстарыңызды қуана қабылдаймын», – деп жазды әнші.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *