Алдағы күндері ел аумағында 42 градусқа дейін аптап ыстық, қатты жаңбыр күтіледі
Фотосурет: getty images
Синоптиктер 25-27 маусым аралығында Қазақстан күн райы қандай болатынын айтты. Кей өңірлерде қатты жаңбыр жаууы ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған JANABASTAU.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республика аумағындағы ауа райын солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер айқындайды.
Осыған байланысты жаңбыр, найзағай, бұршақ, желдің екпінді күшеюі және шаңды дауыл күтіледі. 25 маусымда Қазақстанның солтүстік-батысында және солтүстігінде, 25-26 маусымда шығысында, 26-27 маусымда батысы мен солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп болжанады.
Сондай-ақ солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде аптап ыстықтың бәсеңдеуі күтіледі, күндізгі ауа температурасы +23...+28°С-қа дейін төмендейді. Алайда Қазақстанның оңтүстік және шығыс өңірлеріне Ашхабад маңынан құрғақ әрі жылы ауа массаларының келуі жалғасады.
Соның әсерінен бұл өңірлерде ауа температурасы +33...+38°С шамасында сақталып, жекелеген аудандарда +40...+42°С-қа дейін аптап ыстық болады.
Пікірлер (0)