«Әкем зорлады»: блогер Juzzefina-ның мәлімдемесіне қатысты сұмдық дерек шықты
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Әлеуметтік желілерде блогер Жұлдыз Жауынбаеваның қатысуымен түсірілген бейнематериалдар тарады. Онда ол бала кезінде әкесі тарапынан өзіне қатысты құқыққа қайшы жыныстық сипаттағы әрекеттер жасалғанын мәлімдеген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
Қостанай облысы полициясының хабарлауынша, аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары тараптардың түсініктемелерін алып, жарияланған материалдарды зерттеуде. Ведомство мәліметінше, тікелей эфир барысында кәмелетке толған азаматша қоғамдық тәртіпке қайшы әрекеттер жасап, бейәдеп сөздер қолданған.
Сондай-ақ Жауынбаеваның ата-анасы бейнематериалда айтылған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеп, қыздарымен ұзақ уақыттан бері байланыс жасамайтынын жеткізген. Полиция барлық тараптың уәжі тексерілетінін атап өтті.
Бұдан бөлек, ата-анасының арызы негізінде жалған ақпарат тарату фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалған. Құқық қорғау органдары шындыққа сәйкес келмейтін мәлімет тарату және қоғамдық тәртіпті бұзуға қатысты заңнамада жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Пікірлер (0)