2,7 млрд теңге: банк қызметкерлері жұрттың атынан несие рәсімдеп алған
Фотосурет: turantimes.kz
Атауынан ат үркетін Kaspi, Forte, Jusan және Еуразиялық банктің қызметкері өзара қылмыстық топ құрған. Олар елдегі 348 азаматтың атына заңсыз 3,7 млрд теңге несие рәсімдеген болып шықты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Прокурорлар әлеуметтік осал азаматтарды алдап, олардың атына ірі көлемде несие рәсімдеген банк өкілдеріне қатысты тергеуді енді аяқтады.
Айта кетсек, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында болған 25 адам – еліміздің әр өңірінен. Арасында бақандай 4 банктің (Kaspi Bank, Forte Bank, «Еуразиялық Банк», Jusan Bank) қызметкерлері бар. Тіпті, олар алаяқтық әрекеттерін 5 жылдан аса уақыт бойы жасап келген.
Тергеу барысында Алматы қаласындағы пәтерлер мен жер учаскелері, қымбат автокөліктер, ірі көлемдегі қолма-қол ақша тәркіленді. Шығынның жалпы құны – 2,7 млрд теңге.
Қазір барлық күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс сот қарауына жіберіліп отыр.
Пікірлер (0)