Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 100 оқушы Ақордада қонақ болды

Жаңалықтар
view 28
news

фотосурет: Akorda

 

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген 100 оқушы Ақордада болып, Президент резиденциясымен танысты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақорданың мәліметінше, іс-шараға пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстарда топ жарған оқушылар қатысты.

Экскурсия барысында жас қонақтарға резиденцияның салыну тарихы мен сәулеттік ерекшеліктері таныстырылып, ғимарат ішіндегі ресми қабылдаулар өтетін залдар көрсетілді. Сонымен қатар оқушылар мемлекет басшысының кітапханасын аралап, Ақорда аумағындағы бақта серуендеді.

Шара аясында жеткіншектерге Қазақстанның тарихы мен тәуелсіздік құндылықтарының маңызы жөнінде кеңінен мәлімет берілді.

Экскурсия соңында барлық оқушыға Президент атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *