Көкшетауда полицейлер отбасылары арасында спорттық эстафета өтті
Жаңалықтар
28
Фотосурет: дереккөз
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акциясы аясында Көкшетау қаласы Полиция басқармасы қызметкерлерінің отбасылары арасында спорттық эстафета ұйымдастырылды.
Іс-шараға қатысушылар ұйымшылдықтарын, өзара қолдау мен командалық рухтарын көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Жарыс қорытындысы бойынша отбасыларға естелік сыйлықтар табысталды.
Отбасылық құндылықтарды нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және бірлескен отбасылық демалысты ұйымдастыру мақсатында мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Пікірлер (0)