"Соларды біраз қинайық": Жәнібек Әлімханұлы енді суперорта салмақта өнер көрсететінін мәлімдеді

Жаңалықтар
view 34
news

Фотосурет: дереккөз

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы енді суперорта салмақта жұдырықтасатынын мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

Боксшы жаңа салмаққа ауысқанын Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

"Орта салмақты біраз шулатып, екі бірдей әлем чемпионы титулын иелендік! Qazaq style-ды осы салмақта әлемдік аренаға алып шықтық. Орта салмақ боксшыларының түнгі қорқынышы атандық. Талай қызықтар мен қиындықтарды, қуаныштар мен сәтсіздіктерді де осы салмақта бастан өткердік. Осы салмақта әнұранымызды шырқатып, көк туымызды желбіреттік! Жанкүйерлерге естен кетпес өнер көрсетіп, жарқын нокауттар сыйладық. Енді осы ісімізді суперорта салмақта жалғастырамыз. Осы салмақта біраз атақты боксшылар бар. Менің салмағымда болғандар қазір осы суперорта салмақта өнер көрсетіп, чемпион атануда. Соларды біраз қинайық. Бұл шешімді Америкадағы командамызбен, промоутер және менеджермен ақылдаса отырып, мақсат қоя қабылдадық. Бұрыннан айтып жүретініміздей, бұйырса, біз 3-4 салмақтың чемпионы боламыз! Ал жанкүйерлер, суперорта салмаққа қош келдік!" - деп жазды боксшы.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *