Елорда тұрғыны жалған ақшаға телефон сатып алған

Жаңалықтар
view 34
news

Астана тұрғыны жалған ақшаға телефон сатып алған, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Жәбірленуші жазған арызында көрсеткендей қосымша арқылы IPhone-13 телефонын 220 мың теңгеге сату туралы хабарландыру орналастырған. Сатып алушымен түнгі уақытта кездесу туралы келіскен. Астана тұрғыны келіскен уақытта келіп, сатушыға қолма-қол ақша беріп, телефонды сатып алған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сарыарқа АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері елорданың 26 жастағы тұрғынын анықтады.

Телефонды ол ломбардқа тапсырған, заттай дәлелдемелер тәркіленіп алынды. Аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *