«Тіпті депутаттар да жасатады": Саясат Нұрбек жалған диплом сатқандарға қандай жаза қолданылатынын айтты
«Өкінішке орай, мұндай қылмыстар жиілеп барады. Тіпті депутаттардың өзі жалған диплом сатып алып жатыр. Ескертемін, қылмыстық кодексте жалған құжаттарды жасап, пайдалануды реттейтін бап бар. Оны сатып алған адам оның жалған екенін біле тұра, жұмысқа тұруға әрекеттенсе және оны ресми құжат ретінде көрсетсе ол 40 тәулікке қамауға алуынады немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады», – дейді министр.
«Біз жоғары білімді дамыту орталығының порталында цифрлық қызметті әзірледік. Ол арқылы кез келген жұмыс беруші немесе азамат дипломның жалған немесе түпнұсқа екенін тексере алады. Өйткені дипломның түпнұсқасында бірегей ЖСН және QR коды бар. Оны түпнұсқа екенін министрліктің дерекқорынан тексере аласыз. Қазір 1991-2023 жылдар аралығында берілген барлық дипломдарды осы дерекқорға енгізіп жатырмыз. Бұл жұмыс жыл соңына дейін аяқталады. Бүгінгі таңда мәліметтер базасына 3,5 миллионға жуық құжат енгізілген», – дейді Саясат Нұрбек.
Пікірлер (0)