Елордада қазақстандық жас көшбасшы жастарға арналған оқыту семинар-тренинг өтті
Фото: «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы
Қазмедиа орталығында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы өңірлік жастар ресурстық орталықтарының басшыларына арналған «Кәсіби даму академиясы» жобасы аясында дәстүрлі үш күндік оқыту семинар-тренингі өтті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Оқыту бағдарламасы жастар саясаты саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыруға, заманауи басқарушылық дағдыларды дамытуға, сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды тиімді пайдалануға бағытталды.
Семинар барысында сала сарапшылары мен тәжірибелі спикерлер өз білімдерімен бөлісті. Атап айтқанда:
БАЛИЯ КЕНЖЕБОЛАТОВА – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз хатшысы;
БАХТИЯР МУХАМЕТҚАЛИЕВ – Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі;
ӘЛИЯ ОСПАНОВА – Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры;
АҚБОТА ТӘҢІРБЕРГЕН – «Еуразия» бірінші арнасының тележүргізушісі;
БИБІГҮЛ ҚҰЛАМАН – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры – баспасөз хатшысы;
АКЕРКЕ БЕРЛІБАЙ – ARM торабы, медиа-жаттықтырушы, халықаралық кәсіби коуч;
ЕРБОЛАТ МҰХАМЕДЖАН – Президент телерадиокешені директорының кеңесшісі;
БАТЫРЖАН ИБРАГИМ – «Хабар» Агенттігі АҚ «Интернет жобалар» департаментінің директоры;
АРШАТ ОРАЗ – «Qazcontent» АҚ жасанды интеллект маманы.

Іс-шараға қатысқан Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Біржан Әлімжанов пен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Гүлсахан Нахбаева жас көшбасшылардың кәсіби дамуы мен білімін жүйелі түрде жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.
Олардың айтуынша, біліктілікті арттыру – кадрлық құрамның тұрақты жаңаруын ескере отырып, жастар ресурстық орталықтарының тиімді жұмыс істеуінің негізгі факторларының бірі.
Пікірлер (0)