Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары Мөлдір Мұқанова бала тәрбиесіне қатысты ойын айтты
Фото: видеодан скриншот
Әнші Мөлдір Мұқан “bugin live” бағдарламасына берген сұхбатында кез келген адам заман талабына сай жан-жақты болу керегін айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Қыздарыма өз өздеріңе сеніңдер деп үйретемін. Қазіргі дамыған заманға сай адам үнемі даму үстінде болу керек. Адам мен әнші екенмін деп тек ән айтуға немесе журналиспін деп осы маңайда жүре беруге болмайды. Қазір өте жан-жақты болуды талап ететін уақыт. Сондықтан әнші болсаң, желіге өзің жүкте, оның таралуына еңбек ет. Сырттан адам іздеп керек емес. Бір адам 5-6 мамандықты алып жүруге болады. Жағдай жасалған, барлығы бар өте әдемі уақытта өмір сүріп жатырмыз. Балаларыма соны пайдаланыңдар деймін. Өзім сырттан маман іздемеймін. Қызым Әдемі әндерімді платформаларға жүктеп, жалақы алады, — дейді ол.
Сондай-ақ әнші “жұмсақ” ана екенін де жасырмады.
Ұрыса алмаймын. Себебі өзім ондайды ата-анамнан көрмегенмін. Біз ашық сөйлесеміз. Ұлдарыма да жұмсақпын. Бірақ жұмсақ екен деп балалар құтырып кетпейді, әр нәрсенің орнын біледі, сыйлап тұрады. Қандай да бір сұрақтарды сабырмен сөйлесіп шешеміз, — дейді ол.
Пікірлер (0)