Ең төменгі жалақы 85 мың теңгеден неге аспайды?

Жаңалықтар
view 47
news

Үкімет басшысының орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров елдегі орташа жалақының қанша болатыны туралы және ең төменгі жалақының неге өзгеріссіз қалғаны жөнінде баспасөз мәслихатында жауап берді, деп хабарлайды janabastau.kz. Елдегі орташа жалақы 500 мыңға қашан жетеді, жоспарда бар ма?- Байбазаровқа бұл сұрақ үкіметтің баспасөз мәслихатында қойылған болатын.

Экономикамыз қарқынды өссе, оның бәріне тез жетеміз. Сондықтан біздің алға қойған мақсатымыз бұрынғы болжауларды ысырып, алдымызға батыл мақсаттар қойып, экономиканы өсу жолында әртараптанып, ыңғайлы инвестициялар тарту бойынша Үкімет белсенді жұмыс істеуге дайын, – деп жалпылама қайырды.

Сондай-ақ БАҚ өкілі ең төменгі жалақы 85 мың теңгеден неге аспай жатқанын сұрады.

Бұл - сол министрліктің құзырындағы мәселе. Бірақ бұл біздің мемлекеттік кірістің табысына байланысты. Табыс көп болса, бұл деңгей көтерілетін болады. Осы жолдан таймаймыз. Әлеуметтік саладағы әріптестеріміз мұны қолдайды. Олар халықпен бірге осал топтармен жұмыс істеп жатқасын жақсы түсінеді. Экономикалық өсу қарқыны кем дегенде 6-7 пайыз болса, онда табыс деңгейі де соғұрлым жоғары болады, – деді Байбазаров.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *