«Еңбек жолы» байқауы: үздік жас мамандар анықталды
Жаңалықтар
44
Сурет: gov.kz
«Еңбек жолы» республикалық байқауының өңірлік кезеңінде «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясының жеңімпаздары белгілі болды. Олар еңбек өтілі аз болса да, кәсіби шеберлігі мен табандылығы арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізген жас мамандар.
Жеңімпаздар қатарында авиация, энергетика, аграрлық сектор және білім беру саласының өкілдері бар. Бұл олардың еңбегі тек жеке жетістікке ғана емес, бүкіл ұжым жұмысының өркендеуіне ықпал ете алатынын көрсетеді.
Пікірлер (0)