Нұрдәулет Жұмағали паражүзуден әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Жаңалықтар
view 47
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Сингапурда өтіп жатқан паражүзуден әлем чемпионатында Қазақстан спортшысы Нұрдәулет Жұмағали брасс әдісімен 100 метр қашықтықты 1:06.64 секундта жүзіп, күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады janabastau.kz  ақпарат агенттігі. 

Бірінші орынды бейтарап елдің спортшысы Тимофей Гук (1:06.51), үшінші орынды украиналық Алексей Федина (1:06.99) иеленді.

Айта кетейік, бұл Нұрдәулеттің әлем біріншіліктеріндегі үшінші күміс жүлдесі: бұған дейін ол 2022 жылы Мадейрада және 2023 жылы Манчестерде жүлдегер атанған болатын.

Паражүзуден әлем чемпионаты 21-27 қыркүйек аралығында өтіп, жарысқа 75 мемлекеттен 600-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Қазақстан атынан турнирде 7 спортшы бақ сынауда. Сингапурда өтіп жатқан бұл жарыс – Лос-Анджелес 2028 Паралимпиада ойындары алдындағы жаңа паралимпиадалық циклдің алғашқы ірі турнирі болып саналады.

Елімізде қазіргі таңда 19 паралимпиадалық спорт түрі дамып келеді, жыл сайын 800-ден астам іс-шара ұйымдастырылады.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *