Ерекше қажеттіліктері бар: Абай облысында 11 жастағы қыз жоғалып кетті

Жаңалықтар
view 106
news

Фото: ашық дереккөз

Абай облысында мектептен кейін үйірмеге барып, содан із-түзсіз кеткен 11 жастағы оқушы қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Полиция мәлімдемесі

2014 жылы туған 11 жасар Саяна Қадырғожина жоғалып кеткен. Абай облыстық Полиция департаменті тұрғындарды қызды іздеуге көмектесуге шақырды.

2025 жылғы 3 қараша сағат 13:00-де қыз Севастопольская көшесі, 18 мекен жайындағы мектептен кейінгі үйірмеден шығып, белгісіз бағытқа кеткен. Қазіргі уақытқа дейін оның қайда екені анықталмады. Баланың ерекше қажеттіліктері бар, үнемі бақылауды қажет етеді, – делінген полиция хабарламасында.

Жоғалған қыз туралы сипаттама

Саяна қызыл куртка, көк джинсы, ашық түс баскиім киген, қызғылт сөмкесі бар. Қыздың көзі қоңыр, бойы шамамен 130 см, арық.

Полиция департаменті қыз бала туралы қандай да бір ақпаратқа ие адамдардан дереу 102 телефонына хабарласуларын сұрайды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *