Абай облысында жоғалып кеткен оқушы қыз аман-есен табылды (ВИДЕО)
Фото: Абай облыстық ПД
Абай облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, көшеде адасып жүрген қызды Фариза есімді бойжеткен тауып алып, полицияға тапсырған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Сабақтан кейін үйіне қайтпаған қызды іздеуге қала полициясының барлық қызметтері жұмылдырылды. Бейнебақылау камералары мен іздеу жұмыстары арқылы Саяна бірнеше көшеден өткенін білдік. Семей қаласында тұратын Фариза есімді азаматшаны қырағылық танытып, жалғыз жүрген қыздан жөн сұраған. Оның қырағылығының арқасында қызды аман-есен ата-анасына тапсырдық, - деп хабарлайды Абай облыстық Полиция департаменті.
Полиция департаментінің басшылығы 11 жастағы қызды тауып берген бойжеткенге алғыс жарияламақ.
Еске салсақ, бұған дейін Абай облысында 11 жастағы қыз жоғалып кеткенін жазған едік.
Пікірлер (0)