Ермек Көшербаев – жаңа Сыртқы істер министрі, Мұрат Нұртілеу – Президент көмекшісі
Сурет : Ашық дереккөзден
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды, деп хабарлайды janabastau.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Сондай-ақ Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі қызметіне тағайындалды. Бұрынғы лауазымынан ол да босатылды.
Айта кетейік, қыркүйектің басында бірқатар БАҚ-та Мұрат Нұртілеудің және өзге де лауазымды тұлғалардың ұсталғаны жөнінде ақпарат тараған болатын. Кейін бұл дерек шындыққа жанаспайтыны анықталды. Сол кезде СІМ ресми түрде Нұртілеудің «Harvest Group» компаниясының төрағасымен кездесу өткізген суретін жариялаған еді.
Пікірлер (0)