Есірткі бизнесіне қарсы күресте ерекше көзге түскен қызметкерлер мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды

Жаңалықтар
view 26
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнайы органдары есірткі қылмыстарына қарсы күрес бағытында ауқымды жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды janabastau.kz.

2025 жылдың өтіп кеткен кезеңінде 62 есірткі және психотроптық заттардың жеткізу арнасы тоқтатылып, 10 есірткі зертханасы жойылды, заңсыз айналымнан 3,5 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді.

Маңғыстау облысы, Алматы қаласы, Шымкент қаласы және Ұлытау облысы қызметкерлерінің тиімді жұмысы ерекше аталып өтті.

Аталған мысалдар күштік құрылымдардың қызметкерлерінің қағидатты және проактивті ұстанымын көрсетеді.

Атқарылған жұмыстар үшін 5 мамыр күні Мемлекет Басшысының Жарлығымен ІІМ орталық аппаратының бір қызметкері және облыстық прокуратуралардың екі басқарма басшысы (Маңғыстау және Ұлытау облыстары) Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, полиция департаменттерінің (Алматы және Қарағанды облыстары) екі қызметкері – «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Сонымен қатар, бірқатар күш құрылымдары қызметкерлері (прокуратура органдарынан 12 қызметкер, ұлттық қауіпсіздік органдарынан 4 қызметкер, экономикалық тергеп-тексеру органдарынан 4 қызметкер және ішкі істер органдарынан 5 қызметкер) ведомстволық наградаларға ие болды.

Есірткі бизнесімен күрес жұмысы жалғасуда және құзыретті органдардың тұрақты бақылауында.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *