«Ешкімнің қайтып тірілгісі келмейді»: Танымал дінтанушы о дүние туралы құпияны айтты

Жаңалықтар
view 109
news

фото: Қасқа жол/видеодан скриншот

Танымал дінтанушы Айнұр Әбдірәсілқызы о дүниеге барған адамның қайтып тірілгісі келмейтіні туралы әңгіме қозғады, деп хабарлайды janabastau.kz POLITICO.KZ-ке сілтеме жасап. 

Дінтанушы бұл туралы «Qazaq.airan» YouTube арнасына берген сұхбатында баяндаған.

«Негізі о дүниені көріп көрген адам, қайтіп тірілгісі келмейді. Ешкімнің қайтып тірілгісі келмейді, өйткені ана халді сипаттап бере алмайсың. Дене жоқ, рахат хәл. Тек қана рух хәлі деп айтуға болатын шығар. Одан соң бітті, тура баяғы өліп тірілген адамның барлығы айтатындай зуылдап тұрып туннельдің бойымен жоғары қарай көтеріліп бара жаттым. Мақсат ана жаққа жетіп алу сияқты, басқа еш нәрсе менің есімде жоқ. Зуылдап жетіп бара жатқанда, жетіп қалды ау дегенде, сезім, түйсік болады ғой, демек рухтың да түйсігі бар, сол сәтте «Мама» деген баламның дауысы естілді. Содан селк етіп, сілкініс секілді бір нәрсе болды. Жылдамдық тоқтады, бірден құлдырау бастады. Содан кейін барып, шын мәнінде көзімді ашқанымды білемін. Алдыңғысы рухтың көзі болған шығар. Бұл жерде кәдімгідей тәннің көзін ашқанымды білемін. Көзімді ашып, жан-жаққа қарап, сол қабырға, сол үй», — деді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *